Қытайда жер астында қалған он кеншіден хабар жоқ

Қытайда жер астында қалған он кеншіден хабар жоқ

Қытайдың шығысында кен орнындағы жарылыстан кейін жер астында қалып қойған 12 жұмысшының тірі екені жайлы сүйінші хабар жетті.

Олар құтқарушыларға хат жазып жіберген. Сондай-ақ қағазда қажетті дәрі-дәрмек тізімі болған. Себебі кеншілердің біреуі жарақат алған екен. Ал жер астында қалған тағы 10 жұмысшыдан әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. Алтын өндіретін кеніштегі жарылыс 10 қаңтарда болған еді. Құтқару тобы қамалып қалған жұмысшыларға азық-түлік, қолшам мен қағаз-қалам жіберді. Кеншілерді құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Құтқарушы:

- Ендігі кезекте біз жер астында қалып қойған адамдардың тірі немесе өлі екенін білу үшін арнайы детекторлар және басқа ғылыми әдістерді іске қосамыз. Бұдан бөлек басты жолдың кіреберісін тазалап, өзге жерлерді бұрғылау жұмыстарын жедел қолға аламыз.