Қара теңізде су температурасы көтерілді

Украинаның Одессасында қыстың күні Қара теңізден бу шықты. Қызық көріністің куәсі болғандар бейнетаспаға түсіріп алып, интернетке салған.

Мамандар бұл құбылысты су мен ауа температурасының арасында кенеттен пайда болған айырмамен түсіндіреді. Яғни ауаның температурасы минус 15, ал теңіз суындағы температура плюс 6 градусты көрсеткен. Әсерінен су жылып, теңіз беті булана бастаған. Бұдан бөлек күшті желден жан-жаққа тараған бу жақын маңдағы жолды басып, көру мүмкіндігін едәуір қиындатқан. Мұндай табиғи құбылыс Одессада алғаш рет байқалып отырған жоқ. Былтыр наурызда төмен жөңкілген бұлт көшкіні қақ ортасынан бөлініп, үлкен екі қатарға тізілген сәт те көпшілікті таң-тамаша қалдырған болатын.