Гватемала шекарасында мигранттар әскермен қақтығысты

Гондурастан ағылған 9 мың босқын көрші ел арқылы Мексикаға, әрі қарай АҚШ-қа өтуге әрекеттенген.

Бірақ оларға таяқ ұстап, көз жасаурататын газ шашқан сарбаздар қарсы тұрды. Бұл мигранттардың соңғы 10 күндегі үшінші легі. Бұған дейін 3 мыңнан астам босқын келген болатын. Гондурас азаматтары отанындағы кедейшіліктен қашып, жақсы өмір іздеп босып жүр. Қақтығыстан бірнеше мигрант жарақат алды. Зардап шеккендер саны әзірге белгісіз. Босқындар Гватемаладан өтіп кеткен жағдайда шекара түбінде оларға қарсы Мексика әскері дайын тұр.  

Гильермо Диаз, көші-қон институтының директоры:

- Бізге кеше түнде «Гондурас жақтан ұйымдасқан қылмыстық топ келе жатыр» деген суыт хабар түсті. Дереу шекарадағы күзетті күшейттік. Абырой болғанда, олардың нөпірін тоқтата алдық.

Сондай-ақ...