Коронавирус: Швейцарияда әскери борышты өтеу реті өзгерді

Швейцарияда әскер қатарына шақырылған жастар алғашқы дайындығын үйлерінен шықпай өтейді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін 6 мың сарбаз әскери істі қашықтан меңгере бастады.

Бұл ережелер вирустың таралуына тосқауыл қою мақсатымен қабылданып отыр. Жас жауынгерлер арнайы ұялы қосымшаның көмегімен 3 апта бой күніне 6 сағат жаттығады. Сондай-ақ аптасына 4 сағат дене шынықтыруға тиіс. Ақпан айында емтихан тапсырып, ПТР тестілеуден өтіп, қатардағы әскерге қосылады. Жауынгерлік дәстүрі мықты Швейцарияның әр азаматы әскери борышын өтеуге міндетті.