Ұлыбритания билігі елге кіру ережелерін күшейтті

Шекараны өткен барлық адамдар 10 күндік карантинге алынатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бес күннен кейін тест вирустың жоғын көрсетсе, оқшаулану мерзімі қысқарады. Сондай-ақ ел аумағына кіру үшін мерзімі 72 сағаттан аспайтын тест нәтижесі қолда болу керек. Бұл ережені бұзғандарға 500 фунт стерлинг айыппұл салынады. Бұл – жаңа штамның өзге елдерден келуіне қарсы қабылданып отырған шара.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі

- Осы вакцинаға үміт артып отырмыз. Шетелден жаңа штамдар әкелу қауіпі бар. Бұған жол бермес үшін біз қосымша шаралар қабылдауға тиіспіз.