Швейцариядағы шипажайда коронавирустың жаңа штамы тарап кетті

Швейцарияның ең атақты шипажайларының бірінде коронавирустың жаңа штамы тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спорттың қысқы түрлеріне маманданған Санкт-Морицтегі екі қонақүйде тұратын он шақты адамда вирустың жаңа түрі анықталды. Осыған байланысты мейманханалар карантинге жабылып, қызметкерлер мен қонақтар тест тапсырып жатыр. Сонымен қатар шипажайдағы өзге қонақ үйлер мен шаңғы тебу мектептері жабылды. Жаңа штамның таралуына тосқауыл қою үшін Санкт-Мориц тұрғындарына маска кию міндеттеліп, жергілікті халық жаппай тесттен өтетін болды. Алғашында Ұлыбританиядан шыққан вирустың жаңа штамы Еуропаның 25 елінде тіркелді.