420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хорватияда табиғат апаты жергілікті тұрғындарды әбігерге салды

  • 134
  • UPD: 09:31, 19.01.2021
Хорватияда табиғат апаты жергілікті тұрғындарды әбігерге салды

Хорватияда табиғат апаты жергілікті тұрғындарды әуре-сарсаңға салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта жерасты дүмпулер қайтаналып, кей жерлерде су тасқыны басталған. Оған қоса, ауа температурасы төмендеп, қар жауған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апаттап бірнеше елді мекен зардап шекті. Ондаған ғимарат қирап қалды. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жергілікті тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.

Естеріңізге салайық, Хорватияда желтоқсанның 29-ы болған жер сілкінісінен 7 адам мерт болып, ондаған тұрғын жарақат алған еді. Мамандар жерасты дүмпулер алдағы уақытта тағы қайталануы мүмкін деп ескертіп отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы