Бельгияда жолушылар пойызы пен көлік соқтығысты

Бельгияның Эринн елді мекені аймағында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады RTBF.

Оқиға дүйсенбі күні кешке болған. Пойыз Брюссель – Турнэ бағытында келе жатқан.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, көлік жүргізушісі бағдаршам белгісіне мән бермей, шлагбаумды айналып өткен. Көлікте болған 3 адам қаза тапты.