Португалия ауруханалары коронавирус жұқтырған науқастарға лық толды

Дәрігерлер оларға медициналық ем-дом жасап үлгере алмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты өлім-жітім де көбейді. Індеттің осылайша ушығуына тұрғындардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауы – басты себеп. Мамандардың айтуынша, ауруханаға күніне 9 мыңға жуық сырқат түседі. Төсек орны жетіспей жатыр. Медицина қызметкерлері бірнеше ауысым бойынша қауырт жұмыс істеу кестесіне көшуге мәжбүр. Билік 2 аптаға дейін жалпыхалықтық карантин жариялады.

Антонио Ласерда, дәрігер:

- Басқа ауруханалар сияқты біздің медициналық орталық та науқастарды қабылдап үлгеру үшін күн-түн демей жанталасып жатыр. Тіпті әліміз қалмай, діңкеміз құритын кездер көп. Бірақ ештеңеге қарамастан, науқастарды емдеуді жалғастыра бермекпіз.

Сондай-ақ...