427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда жүк көлігі басып кеткен 15 адам мерт болды

  • 203
  • UPD: 10:28, 19.01.2021
Үндістанда жүк көлігі басып кеткен 15 адам мерт болды

Үндістанда қалаға жұмыс істеуге келіп, жол бойында түнеген 15 жұмысшыны жүк көлігі басып, мерт қылды.

Оқиға Гуджарат штатының батысындағы Сурат қаласынан 60 км қашықтықтағы тасжолда болған. Жүк көлігінің жүргізушісі қараңғыда жол бойынша жатқан жұмысшыларды көрмей, үстінен жүріп өткен. Салдарынан 12 адам оқиға орнында қаза болып, тағы сегіз адам ауыр жарақат алды.

Жәбірленушілердің үшеуі ауруханада қайтыс болды, тағы бірнеше адамның жағдайы ауыр.

Ал штат полициясының айтуынша, адамдарды басып кетпес бұрын самосвал трактормен соқтығысқан. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауды бастады.

Хабар 24 телеарнасы