Палестинада вакциналау 2021 жылдың бірінші тоқсанында басталады

Палестина мен Газа секторында жаппай екпе егу науқаны осы жылдың бірінші тоқсанында басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Препараттың алғашқы партиясы жақын арада елге жеткізілуі тиіс. Қазір Pfizer, Moderna мен AstraZeneca компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал көрші Израильде вакцинация шарасы қызу өтуде. Осы елдің билік өкілдері болса палестиналықтардың  екпе еккені абзал деп отыр. Мәселен, Израильге көрші елден мыңдаған адам келіп жұмыс істейді.

Айта кетейік, вакциналарды әлемге тең тарату үшін құрылған COVAX ұйымының жоспары бойынша пандемиядан зардап шеккен кедей елдердегі халықтың 20%-і тегін екпемен қамтамасыз етіледі.  

Ясер Бузие, Палестина денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

- Ковидке қарсы вакцина 2021 жылдың бірінші тоқсанында жету керек. Палестина COVAX ұйымының вакцинамен қамтамасыз ету жоспарына кіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша алдымен медицина саласының қызметкерлері мен жасы 60-тан асқан және созылмалы ауруы бар тұрғындарға екпе егіледі.

Сондай-ақ...