419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АШМ: Құс фабрикасы өкілдерінің талабымен келіспейміз

  • 145
  • UPD: 14:17, 19.01.2021
АШМ: Құс фабрикасы өкілдерінің талабымен келіспейміз

Қостанай облысындағы Арқалық құс фабрикасы өкілдерінің айтуынша, індеттен қырылған тауықтары үшін тиесілі өтемақы толық төленбеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан олар республикалық эпизоотияға қарсы отряд, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің үстінен сотқа шағым түсірген. Бұл туралы біз кешегі жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Бүгін Ауыл шараушылығы министрлігінен бұл іске қатысты жазбаша жауап келді. Олар қарсы тараптың талаптарымен келіспейтінін мәлімдеген.

Жауап хат мазмұнын қысқаша баян етсек, қыркүйектің 22-сі мен қазанның 13-і аралығында ветеринарлық қызмет пен құс фабрикасы өкілдері 433 мың 66 өлген тауықты есепке алып, жойған. Осы көлемге ғана өтемақы тиесілі. «Ал қалған құс өліктері көңмен, топарақпен араласып, шіри бастағандықтан, олардың неден қырылғанын анықтау мүмкін емес», - дейді. «Сатылмай қалған жұмыртқаға да өтемақы төлеу заңда қарастырылмаған», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауабында.

Естеріңізге салайық, бұл іске қатысты кезекті сот отырысы қаңтардың 21-і күні өтеді.

Хабар 24 телеарнасы