Сахара шөліне қар жауды

Африкада қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сап-сары құмы бар Сахара шөлі күтпеген жерден ақ ұлпа жамылған. Негізі әлемдегі ең ыстық жерлердің бірі саналатын бұл аймаққа қар түгілі, бір тамшы жаңбырдың өзі өте сирек жауады. Алжирдің Айн-Сефра қалашығында ауа температурасы минус 3 градусқа дейін суытқан. Бұл елді мекенде қар соңғы 42 жылда 3-ақ рет түскен. Ақ ұлпа алғаш 1979 жылы, сосын 2017-2018 жылдары жауған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Айн-Сефрадағы қардың қалыңдығы кей жерде 1 метрге дейін жетеді. Африкадағы тосын табиғи құбылысты америкалық метеоролог мамандар зерттеуге кіріскен. Олардың пайымдауынша, Сахарада қардың түсуіне ғаламдық климаттық өзгерістердің әсері бар. Тіпті ғалымдар бұл шөл 15 мың жылдан кейін жасыл желекке айналуы мүмкін деген болжам айтады.

Сондай-ақ...