Германияда коронавирустың жаңа штамы табылды

Германиядағы Гармиш-Партенкирхен қаласындағы ауруханада жатқан 35 пациенттен коронавирустың жаңа түрі анықталды.

Клиника директоры коронавирустың жаңа түрінің қаншалықты жұқпалы және қаншалықты қауіпті екені тексеріліп жатқанын айтты. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

«Коронавирустың жаңа штамының таралуы оның жұқпалы екенін білдірмейді», - дейді Франк Нидербюль.

Науқастардан алынған сынамалар зерттеу үшін Берлиндегі Шарите ауруханасына жіберілді.