Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартады

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан оны сақтауға арналған тоңазытқыштардың жоқтығына байланысты бас тартады.

Бұл туралы ria.ru республиканың денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевке сілтеме жасап хабарлады.

«Бізге америкалық Pfizer вакцинасы ұсынылды. Алайда вакцинаны -70 градус температурада сақтау керек. Бізге оның миллионнан астам дозасын тегін бергілері келді. Дегенмен оны әкелу, сақтау және халықты вакциналау үшін бізге арнайы тоңазытқыштар қажет. Бірақ бізде ондай тоңазытқыштар жоқ», - деді ол.

Министрдің айтуынша, аталған тоңазытқыштардың біреуі шамамен 4 мың доллар тұрады.

Сондай-ақ...