Әзербайжан халыққа Қытайдан алынған вакцинаны салып жатыр

Әзербайжанда қытайлық «Короновак» екпесімен халықты вакциналау басталды. Вакцинаны медицина қызметкерлері алғашқылардың бірі болып алды.

Екпені салдырмас бұрын арнайы тексерістен өту көзделген. Себебі вакцинаны алу барысында аллергиялық реакция болуы мүмкін. Ережеге сәйкес, оны екі рет алу шарт, арасы 21 күнді құрауы тиіс. Дәрігерлерден соң вакцина полиция қызметкерлері, тәрбиешілер мен жасы 65-тен асқан азаматтарға жасалады. Вакцинаны алып үлгіргендерге арнайы паспорт беріледі.

Сарапшылардың айтуынша, сырқаттанып шыққандарға бұл процедура көзделмеген. Өйткені оларда кеселге қарсы иммунитет қалыптасқан.

Октай Ширалиев, Әзербайжанның денсаулық сақтау министрі:

- Біздің ғалымдар вакцинаға талдау жасады. Сапасы көңілден шықты. Енді үкімет қабылдаған шешімге сәйкес вакциналауды жүргізе береміз.   

Заур Алиев, мемлекеттік медициналық сақтандыру агенттігінің төрағасы:

- Жақын арада вакциналаудың оң нәтижесін көреміз деп ойлаймын. Медицина қызметкерлеріне екпе жасау 1 ақпанда аяқталады. Әрі қарай жоспарға сәйкес жергілікті тұрғындардың бір бөлігіне сала бастаймыз.

Сондай-ақ...