Әлемде вакциналау науқаны қарқын алды

Әлемде ковидке қарсы вакциналау науқаны қарқын алды. Бұл шара бойынша алда келе жатқан елдер Израиль мен АҚШ.

Таяуда Францияда халықты жаппай егу басталып кетті. Ел аумағында ашылған 800-ден аса вакциналау орталықтары жасы 75-тен асқан және ауыр созылмалы дертке шалдыққан адамдарды қабылдайды. Екпе салу үшін Франция тұрғындары арнайы платформа арқылы жазылуы керек. Алғашқы күннің өзінде онда бір миллион адам тіркелді.

Ал Ресей тұрғындары 31 қаңтардан бастап, Мемлекеттік қызметтер порталында вакциналауға жазыла алады. Қазір бұл платформа сынақтан өтіп жатыр. Қытайда да екпе салуға онлайн түрде жазылуға болады. Бұл елде Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мейрамы басталғанша ауруға осал 9 топқа кіретін ел тұрғындарына вакцина егу көзделіп отыр.

Сондай-ақ...