Перуде медицина қызметкерлері шеруге шықты

Дәрігерлер мен медбикелер коронавирусқа қарсы күресіп жатқан денсаулық сақтау саласына көбірек ақша бөлуді талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар үкімет бюджет мәселесін шешпейінше, наразылық шарасын тоқтатпауға бел буған. Жаппай ереуілдің кесірінен ауруханаларда медицина қызметкері жетіспей жатыр. Белсенділер арақашықтық сақтап, бетперде киген. Шеруге өзге де тұрғындар қатысқан. Осының алдында ғана билік індеттің жаңа толқыны басталды деп дабыл қаққан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі ең көп өлім-жітім осы Перуде тіркелген. Мұнда пандемия басталғалы құрбандар саны 39 мыңға жуықтаған. Бір миллионнан көп кісі індетке шалдыққан.

Рональд Кастанеда, жергілікті тұрғын:

– Елде коронавирус өршіп барады. Ал науқастарға төсек орын жетпей жатыр. Сондықтан дәл көше бойында өліп жатқан адамдарды көруіміз мүмкін. Вакцинадан үміт те, хабар да жоқ. Қашан келетіні белгісіз.

Сондай-ақ...