Матадан жасалған маскалар жаңа штамға қарсы тиімсіз болуы мүмкін

Матадан жасалған маскалар коронавирустың жаңа штамына қарсы тиімсіз болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран мәлімдеді. Ол вирустан ең жақсы арнайы медиццианалық маскалар қорғайтынын ерекше атап кетті. Айта кетер жайт, бүгінде Францияда барлық қоғамдық орындарда бетперде тағу міндеттелген.  

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

– Медициналық маскалар өз тиімділігін дәлелдеді. Олар өкпеге түсетін ауаның 90 процентін фильтрлейді. Осылай вирустардың адам ағзасына енуіне жол бермейді. Ал үйде матадан жасалған бетперделерге ондай сенім жоқ.