АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 24 млн-нан асып кетті

400 мыңға жуық науқас індет құрбаны болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың болжамынша, ақпан айында өлім-жітім көрсеткіші жарты миллионға жетуі мүмкін. Әдеттегіден тез тарайтын вирустың жаңа британиялық штамы мамандардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Қазірдің өзінде бұл штамм АҚШ-тың он штатында анықталды, ғалымдардың мәліметінше, наурыз айына дейін ол бүкіл ел аумағына тарайды.