Бразилияда Амазон ормандарындағы байырғы тұрғындарды вакциналау басталды

Әскер медицина мамандары мен қытайлық екпенің бір мың дозасын қалың ағаштың арасына жеткізіп берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ну ормандағы бір ауылдың өзінде коронавирустан 37 адам қайтыс болып, 2 мыңдай кісі індет жұқтырған. Ал жалпы Бразилия бойынша мыңға жуық байырғы тұрғын көз жұмып, 800 мыңнан астамы ауруға шалдыққан. Олардың көбін жақын маңдағы дәрігерге қайықпен жеткізуге тура келген. Байырғы тұрғындардың өмір салты мамандарды қатты алаңдатып отыр. Себебі олар әлеуметтік қашықтықты мүлде сақтамайды екен. Көп отбасылар тар лашықта бірге тұрады.

Изабел Тисуни, ауыл тұрғыны:

– Вакциналау – барлық байырғы тұрғындар үшін өте маңызды шара. Біз бұл екпені бүкіл ауыл болып асыға күттік.