424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда мыңдаған адам далада қалды

  • 200
Индонезияда мыңдаған адам далада қалды

Индонезияда зілзаладан 90 адам қаза тауып, жүздеген баспана мен өзге де ғимарат жермен-жексен болды. Салдарынан мыңдаған адам далада қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел президенті апаттан зардап шеккен Сулавеси аралындағы барлық ғимараттың жөнделетінін айтып, халыққа уәде беріп отыр. Ал зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіледі делінді. Оған үкімет қазынадан қаржы бөлген.

Айта кетейік, бүгінде қауіпті аудандардан шамамен 10 мың адам эвакуацияланды. Мамандар алдағы уақытта да жерасты дүмпулер қайталануы мүмкін деп ескертіп отыр. 

Джоко Видодо, Индонезия президенті:

– Апаттан зардап шеккен жерді аралап шықтық. Аймақтағы мемлекеттік мекемелер мен тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі. Оған тиісті қаражат бөлінуде. Оның сомасы ғимараттың қаншалықты зақымданғанына байланысты болады. Өңірдің инфрақұрылымы мен экономикасын жандандыру үшін бар күшімізді саламыз.

Жер сілкінісі Аргентина тұрғындарының да зәресін алды. Аймақта 6,8 балдық жер сілкінісінен кейін тағы бірнеше рет дүмпулер қайталанған. Абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. Десе де ондаған ғимарат қирап қалған. Зілзаланың күші Чилиге де жеткен. Дүмпулер әсіресе ел астанасы Сантьягу қаласында қатты сезілді. Апаттан зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы