Ливиядағы әскери-теңіз училищесінде жарылыс болды

Ливия астанасының батысындағы Джанзур қаласындағы әскери-теңіз училищесінің базасында болған жарылыс пен өрттен кем дегенде бес адам қаза тапты.

Тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлады ТАСС.

Жойқын жарылыс тікелей оқу ордасы аумағында орналасқан оқ-дәрі қоймасында болған.