420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Forbes ең жомарт миллиардерлердің тізімін жасады

  • 168
  • UPD: 12:31, 20.01.2021
Forbes ең жомарт миллиардерлердің тізімін жасады

Америкалық Forbes басылымы ең жомарт АҚШ миллиардерлерінің рейтингін жасады.

Басылым олардың өмір бойы қайырымдылыққа қанша ақша жұмсағанын есептеп шығарды.

Басылымның мәліметінше, ең жомарт миллиардер медиамагнат Уоррен Баффет болды, ол қайырымдылыққа 42,8 млрд доллар жұмсаған. Баффеттің жалпы байлығы 88,8 млрд долларды құрайды. Негізінен ол денсаулық сақтау саласы мен кедейлікпен күрес үшін ақша бөледі.

Рейтингте екінші орында Билл мен Мелинда Гейтстер тұр. Олардың дәулеті 120,7 млрд долларға бағаланады, ал қайырымдылықтың жалпы сомасы 29,8 млрд долларды құрайды.

Джордж Сорос Forbes рейтингінде үшінші орынға ие болды. Оның қазіргі дәулеті 8,6 миллиард долларды құрайды, өмір бойы 16,6 млрд долларды қайырымдылыққа жұмсаған. Оның «Ашық қоғам» қорлары әлемнің 120 елінде жұмыс істейді, олар демократия мен сайлаушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Төртінші орынды Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумберг иеленді. Оның байлығы 54,9 млрд долларды құрайды, ал қайырымдылыққа жалпы сомасы 11,1 млрд доллар жұмсаған.

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы әйелі Маккензи Скот та жомарт америкалық миллиардерлер рейтингінде бар. Қайырымдылыққа 5,83 млрд доллардан астам қаржы жұмсаған. Сондай-ақ Facebook басшысы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан оныншы орында тұр (2,7 млрд доллар).

Хабар 24 телеарнасы