Нью-Йоркте нәсілшілдікке қарсы шеру тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты

Нью-Йоркте қара нәсілді Мартин Лютер Кингтың құрметіне ереуіл ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәсілшілдікке қарсы наразылық акция тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қақтығыстан 29 адам қамауға алынып, 11 полицей жарақат алған. Наразылар алдымен Манхэттенде жиналған. Тәртіп сақшылары мэрия алдындағы ереуілдеушілерді күшпен тарқатпақ болған. Ашуға бой алдырғандар полиция қызметкерлеріне тас пен шыны бөтелкелерді лақтырды. Қазір аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскерилер тартылды.