АҚШ-тың Калифорния штатындағы орманнан тағы да өрт шықты

Бұл жолы оттың тұтануына күшті жел себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауылдың кесірінен аймақтағы ағаштар құлап, электр сымдары үзіліп, он мыңдаған адам жарықсыз қалды. Кей жерде желдің екпіні сағатына 152 шақырымнан асқан. Тілсіз жаудан 1 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бар. Сондай-ақ өрттің кесірінен Йосемите ұлттық паркі мен 2 вакциналау орталығы жабылды. Аймақтағы Лос-Анджелес қаласының тұрғындарына көшелердің бойына көлік қоймауға ескерту жасалды. Себебі апат орнына асыққан өрт сөндіру көліктері өте алмай қалуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, былтыр жазда Калифорния орманы отқа оранып, 1500 ғимарат күлге айналған болатын.

Сю Гласс, жылқыларды құтқару қорының өкілі:

– Таңертең 8-де тұрсам, айналаны от шарпып жатыр екен. Шұғыл барлық жануарды қауіпсіз жерге көшірдік. Жылқылардан қалың түтін арасында көз жазып қалмау үшін бояу жағып қойдық. Былтыр жазда құтқару жұмыстарына белсене атсалысқан едік, содан біраз тәжірибе жинадық. Негізі жылдың бұл мезгілінде жаңбыр жауушы еді. Әлі бір тамшы жоқ.

Сондай-ақ...