АҚШ-та 8 млн тұрғын тақыр кедейге айналған

Мұндай мәліметті CNN бизнес арнасы келтіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізілген зерттеуге сәйкес, коронавирустың кесірінен жұмыссыз қалған миллиондаған америкалық, күнделікті тойып тамақ ішпейді. Өз баспанасы жоқ олар үй жалдап тұрады. Мыңдаған долларға жететін пәтерақыны төлеу үшін, көліктерін сатуға мәжбүр. Ал түгі жоқтар, далада қаңғып қалған. Нью-Мексико штатының жұмысқа орналастыру департаментінің өкілі Билл Маккtмлидің мәлімдеуінше, бүл мекемеге күн сайын, ашқұрсақ балаларына тамақ сұраған аянышты хаттар кеп жатады. Экономистер коронавирусқа байланысты елде туындаған дағдарыс ең жоғары шегіне жетіп отыр деп бағалайды.