Шанхайда Tesla Model 3 электромобилі өздігінен тұтанып, жарылды

Америкалық Tesla компаниясының Model 3 электромобилі күтпеген жерден өздігінен тұтанып, жарылып кетті.

Оқиға сейсенбіге қараған түні иесі көлікті Цибаодағы тұрғын үй кешеніндегі тұраққа тоқтатқаннан кейін болды. Алдымен көлік өздігінен тұтанып, содан кейін жарылыс болды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндірді. Көлік толығымен жанып кетті.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.