Бейжіңде коронавирустың британдық штамы анықталды

Бейжің қаласында ковид жұқтырған екі науқаста вирустың британдық штамы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екеуі де қаланың оңтүстік шетіндегі Дасин ауданының тұрғыны. Онда екі миллион халық тұрады. Қазір мамандар жергілікті тұрғындарды жаппай тестілеуге кірісті. Аудандағы мектептер мен қарттар үйі жабылды. Вирустың жаңа штамы қайдан шыққанын анықтау үшін 10 желтоқсаннан кейін Бейжің қаласына келген барлық адамдар қайта тексеруден өтеді. Шетелден келетіндерге карантин мерзімі ұзартылды. Енді олар 28 тәулікке оқшаулануы тиіс.