Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау шарасында өнер көрсетеді

Джо Байденді ұлықтау шарасында әлемге танымал әншіміз Димаш Құдайберген өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлесіміздің әнін елорда уақытымен түнгі сағат 02:00 шамасында Sister Cities International сайтынан онлайн тамашалауға болады.

Димаш – АҚШ-тағы инаугурация апталығына қатысатын алғашқы қазақстандық әртіс. Ол өткен аптада салтанатты шараның шымылдығын қазақтың «Самалтау» әнімен ашқан болатын.