Токидо соңғы тәулікте 104 адам коронавирустан көз жұмды

Токио қаласының әкімшілігі індетке қатысты жаңа антирекорд тіркелгенін хабарлады.

Соңғы тәулікте Жапония астанасында коронавирустан 104 адам дүниеден қайтты. Ауруы асқынған науқастар саны да артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 індетін жұқтырғандардың көбі жасы 20-ға жетпеген жастар. Пандемия басталғалы Жапонияда 334 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдыққан.