Джо Байден АҚШ президенті қызметіне кірісті

АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мен сайланған вице-президент Камала Харрис 20 қаңтардағы инаугурацияда ант қабылдап, қызметке кірісті.

78 жастағы Джо Байден – АҚШ тарихындағы мемлекет басшысы қызметіне келген ең қарт адам. Ал Камала Харрис вице-президент мансабына келген алғашқы әйел атанады.

Қызметінен кеткен президент Дональд Трамп инаугурация рәсіміне қатысқан жоқ. 20 қаңтарда таңертең ол Ақ үйден кетіп, президент ұшағымен Флоридаға аттанды.