Аргентинада жаппай вакциналау жалғасып жатыр

Аргентина тұрғындарына ресейлік Спутник-V вакцинасының екінші дозасы егіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптаның соңында бұл елге екпенің 300 мың данасы жеткізілген болатын. Еске салсақ, Аргентинада жаппай вакциналау науқаны желтоқсан айының соңында басталып кетті. Алдымен дәрігерлер мен медицина саласының өзге мамандарына екпе салынды. Аргентина – ресейлік вакцинаны қолдануға рұқсат берген Латын Америкасындағы тұңғыш ел. Жалпы індет басталғалы бұл елде 2 миллиондай адам коронавирусты жұқтырған. 46 мың адам бұл дерттен көз жұмды. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, вакциналау науқанының келесі кезеңінде екпе жасы 60-тан асқан азаматтарға салынады.

Сондай-ақ...