Италияда Этна жанартауы атқылады

Италияның Сицилия аралында Этна жанартауы оянды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан атқылаған от пен күлдің биіктігі 4 шақырымға дейін жетті. Сонымен қатар жер асты дүмпулері де сезілді. Қазіргі кезде жанартаудың атқылауы басылды. Мамандардың пікірінше, аралда тұратын халыққа әзірше төніп тұрған қауіп жоқ. Этна – Еуропа құрылығындағы ең биік жанартау. Дүркін-дүркін атқылап тұратын лавасы мен күлінде микроэлементтер көп болғандықтан, тау етегіндегі жер өте құнарлы. Сондықтан ежелден бері айналасында тығыз қоныстанған халық мұнда түрлі дақылдар өсіріп келеді.