Нью-Йорк штатында әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Бортында үш адам болған әскери тікұшақ Нью-Йорк штатының Монро округінде апатқа ұшырады.

Бұл туралы округ шерифінің кеңсесі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Монро округі шерифінің кеңсесі, алдын ала болжам бойынша, бортында үш адам болған тікұшақ апатқа ұшырағанын растайды», – делінген хабарламада.

NEWS10 телеарнасының мәліметінше, тікұшақта болған адамдар көз жұмған.