Мадридте жарылыстан мерт болғандардың саны артты

Испания астанасы Мадридте болған жарылыстан мерт болғандардың саны 4-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 11 тұрғын түрлі жарақат алған. Бір адам хәл үстінде жатыр. Associated press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жойқын жарылыстан ғимараттың қабырғасы қираған. Естеріңізге салайық, Мадридтің орталығындағы Пуэрто де Толедо аумағында көп қабатты бір тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша оған газдың жылыстауы себеп болды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ...