Францияда студенттер карантиндік шектеулерге қарсы шеруге шықты

Франция астанасы Парижде және бірнеше ірі қалада студенттер шектеу шараларына қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар университеттердегі сабақты тез арада бастауды талап етуде.

Жастар қашықтан оқудың психологиялық, қаржылық және интеллектуалды шығынын тізбелеп, одан да үкімет қосымша ақша бөліп, оқу орнында оқытқаны артық еді деп айыптады. Тіпті кейбір ұйымдар биліктен 1 жарым миллиард еуро бөлуді сұрады. Бұл қаражат студенттердің материалдық және моралдық шығынын өтеу үшін қажет көрінеді.

Мелини Люсе, UNEF студенттер одағының президенті:

– Карантин басталғалы жұмысқа шыға алмай қалдық. Бұрын еңбек етіп, нәпақамызды өзіміз табатын едік. Енді Үкімет айына мардымсыз ғана 12 доллар беріп, бізді кіріптар етіп қойды. Билік оқу процесін қазіргі медициналық жағдайға бейімдеп, тығырықтан шығу жолын тапсын.