Италия Pfizer компаниясына қарсы шағым дайындап жатыр  

Италия үкіметі Pfizer компаниясына қарсы шағым дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған мекеме вакцинаны келісілген мерзімде жеткізбеген. Рим уәде етілген екпе көлемінің 29 процентін осы аптада алуы керек болған. Бұл туралы Италияның індетпен күрес жөніндегі төтенше комиссарына сілтеме жасаған еуропалық ақпарат құралдары хабарлады.

Препараттың кешігу себебінен вакциналау ісі кідіріп тұр. Әсіресе, бірінші дозаны қабылдағандар екінші мөлшерді асыға күтетінін айтады. Ал Pfizer компаниясы өнімділік қуатын арттыру үшін бірнеше апталық үзіліс қажет деп ақталуда. Олардың мәлімдеуінше, екпені ЕуроОдақ елдеріне жеткізу 25 қаңтарда қайта жанданып, 15 ақпанға қарай жаңаша қарқын алмақ.

Сондай-ақ...