417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кубада отандық вакциналар жасалуда

  • 169
  • UPD: 14:18, 21.01.2021
Кубада отандық вакциналар жасалуда

Куба коронавирусқа қарсы отандық вакциналар жасап жатыр,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір «Соберана IІ» деп аталатын алғашқы екпені сынаудың екінші кезеңі басталды. Іс-тәжірибеге 900 ерікті қатысты. Құзырлы органдар тексерістің бірінші кезеңі сәтті өткенін айтады. Гавана жалпы 100 миллион дозасын өндіруді жоспарлап отыр. Кубалық екпелерге қазірдің өзінде Вьетнам, Иран және Венесуэла тарапынан сұраныс түскен.

Естеріңізге сала кетейік, ресми дерек бойынша, Бостандық аралында індет басталғалы 19 мың 122 адам ауру жұқтырып, 180 тұрғын қайтыс болған.

Висенте Верез, Финлей атындағы вакцина институтының директоры:

– Вакцинаны өндіру қуатын арттырып жатырмыз. Себебі біздің екпелерге көп сұраныс түсті. Бірақ бірінші кезекте біз адамзат пен оның денсаулығын ойлаймыз. Препаратты сатып, бизнес жасау мәселесі біз үшін екінші орында.

Хабар 24 телеарнасы