Австралияда шетелдік жолаушыларға талап күшейді

Австралияға өзге елдерден келетін жолаушылардан коронавирустың жоқтығын айғақтайтын тест талап етіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы тиіс. Бұл талап ертеңнен бастап күшіне енеді. Сондай-ақ халықаралық рейспен ұшып келетін барлық жолаушы бетперде тағуға және карантинде болуға міндеттеледі. Бірақ бұл ереже Жаңа Зеландия және Тынық мұхитындағы арал-мемлекеттерге жүрмейді.

Естеріңізге сала кетейік, Австралияда індет басталғалы 22 мыңнан астам тұрғын ауру жұқтырып, 909 кісі өлімі тіркелген. Құрбандардың 810-ы Виктория штатынан.

Грег Хант, Австралияның денсаулық сақтау министрі:

Бүгін биоқауіпсіздікке қатысты бұйрыққа қол қойдым. Бұл талаптарды сақтау жолаушылар үшін қиындық тудыратыны рас. Сондықтан алдын ала кешірім сұраймын. Бірақ бізге австралиялықтардың өмірі қымбат.