Қытай 28 америкалыққа қарсы санкция жариялады

Қытай АҚШ-тың 28 азаматына қарсы санкция жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрлігі өз сайтында мәлімдеді. Қара тізімде Құрама Штаттардың қазіргі Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео және экс-президент Дональд Трамп әкімшілігінің қызметкерлері бар.

Бейжіңнің ұстанымы бойынша, жазаға іліккен америкалықтар азиялық елдің ішкі ісіне араласып, егемендігіне қол сұққан. АҚШ-тың санкция салынған азаматтары мен отбасы мүшелеріне, Қытайдың және Гонконг пен Макаоның аумағына кіруге, сондай-ақ олармен байланысы бар компанияларға бизнес жасауға тиым салынды.