419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бағдадта лаңкестік шабуыл құрбандарының саны артты

  • 226
Бағдадта лаңкестік шабуыл құрбандарының саны артты www.aa.com.tr

Бағдадта болған лаңкестік шабуыл құрбандарының саны өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әл-Арабия телеарнасының хабарлауынша, екі жарылыстан 35 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған. Бүгін Таяран алаңында орналасқан базарда қауіпсіздік қызметін аңдыған екі содыр өзін-өзі жарып жіберген. Әзірге бұл жарылысты ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда Ирак үкіметі бұған кінәні Ирак пен Левант лаңкестік тобына артты. Қазіргі кезде әскер Бағдадтың жасыл аймағына баратын барлық жолдарды бөгеп тастады. Қала орталығындағы аймақта мемлекеттік мекемелер мен елшіліктер орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы