Ливанда локдаун мерзімі 8 ақпанға дейін ұзартылды

Ливан үкіметі жалпыұлттық локдаунның мерзімін ақпанның сегізіне дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – елде коронавирусты жұқтыру және одан өлім-жітім саны күрт өскеніне байланысты қабылданған шара. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Ливандағы жансақтау бөлімдері 90%-ке толып кетті. Ауруы асқынған науқастар саны күн сайын артып келеді. Індет басталғалы бұл шағын елде 2 мыңнан аса медик коронавирусты жұқтырып алды. Сол себептен ауруханаларда маман жетіспей жүр.