Украинада қарттар үйінде өрт шығып, 15 адам мерт болды

Украинаның Харьков қаласындағы қарттар үйінде өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 15 адам мерт болып, тағы 11 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өрт ғимараттың екінші қабатында басталған. Шамамен 100 текше метр өртенген. Бұған қоса, қарттарға арналған бұл мекеменың заңсыз жұмыс істегені белгілі болды. Енді оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу ісі басталды. Өрттің нақты шығу себебі де анықталуда. Ел президенті Владимир Зеленский болған жағдайды жіті тексеруге бұйырды.

Ксения Нескромная, жергілікті тұрғын:

- Олар әлсіз ғой. Тез жүруге шамалары жоқ. Көбінесе ғимараттың бірінші қабатындағыларды сыртқа шығарып үлгердік. Екінші қабатта төсек тартып жатқандар көп. Сондықтан оларды құтқара алмадық.