Жерорта теңізінде киттің өлексесі табылды

Италияның Неаполь қаласындағы жағалау қызметі ірі киттің өлексесін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік бұл Жерорта теңізінде табылған ең ірі киттердің бірі екенін хабарлады. Сүтқоректінің ұзындығы 20 метрге, ал салмағы 75 тоннаға дейін жетеді. Жануар теңізде осы аптаның басында табылған болатын. Оны сыртқа шығару операциясы бірнеше күнге созылды. Қазір биолог мамандары киттің не себептен өлгенін анықтауға кірісті. Ал, оның қаңқасы жергілікті мұражайға берілетін болды.