415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда әуе апатынан мерт болғандарды іздестіру жұмысы аяқталды

  • 162
  • UPD: 12:11, 22.01.2021
Индонезияда әуе апатынан мерт болғандарды іздестіру жұмысы аяқталды фото: aif.ru

Индонезияда әуе апатына ұшыраған ұшақтың жолаушыларын іздестіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, қаңтардың 12-сі күні мамандар су астынан әуе көлігінің қара жәшігін сыртқа шығарды. Қазір ол Джакартадағы сарапшылардың зерттеуінде.

Естеріңізде болса, қаңтардың 9-ы күні Джакартадан ұшып шыққан Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Яван теңізі маңында апатқа ұшырап, 62 адам қаза тапты.

Индонезияда байланыс үзілген жолаушылар ұшағы теңізге құлаған. Ұшақ теңізге құлаған соң жарылған. Ондағы жолаушылардың барлығы қаза тапқан. Мамандар әуе кемесінің ауаның қатты ағымына тап болғанын айтады.

Индонезиядағы ұшақ апаты: екі қара жәшіктің біріншісі Джакартаға жеткізілді

Индонезия апатқа ұшыраған ұшақтың қалдықтарын іздестіруде

Хабар 24 телеарнасы