Танымал диджей Дэвид Гетта Иманбектің ремиксіне өз нұсқасын ұсынды

Диджей өзінің туындысын Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Дегенмен қазақстандықтар Иманбектің нұсқасы тартымдырақ екенін жазып жатыр.

Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің төртінші курс студенті Иманбек Зейкенов американдық рэпер Карлос Сент-Джонның (лақапаты – Saint Jhn) әніне ремиксінің арқасында танымал болды. Жерлесіміз Grammy сыйлығына үміткерлердің тізіміне енген.

Музыкалық премия қаңтар айының соңында өтуі тиіс еді, алайда оның өту уақыты өзгерді.