430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вирустың жаңа штамы Германияның үш ауданында анықталған

  • 167
  • UPD: 11:34, 22.01.2021
Вирустың жаңа штамы Германияның үш ауданында анықталған

Неміс саясаткерлері коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі ел аумағында тарай бастаса шекараның жабылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде вирустың жаңа штамы Германияның 3 ауданында анықталған. Науқастардың нақты саны әзірге белгісіз. Осыған орай жергілікті билік аймақтағы карантин талаптарын күшейтті.

Айта кетейік, шектеу шараларының арқасында Германияда індеттің таралуы бәсеңдей бастады. Қазір 100 мың адамға шаққанда орта есеппен 119 адам ауру жұқтырады. Сонда да медициналық мекемелерде науқастардың қарасы қалың. Мысалы Бремен, Гамбург пен Берлин ауруханаларындағы жансақтау бөлімдері 90%-ке толық. Билік өкілдері халықты карантин талаптарын сақтауға шақырады.

Естеріңізге салайық, Германиядағы қатаң локдаун ақпанның 14-іне дейін жалғасады.

Йенс Шпан, Германияның денсаулық сақтау министрі:

- Егер соңғы күндері тіркелген науқастар санын өткен аптамен салыстырсақ, жағдайдың біршама жақсарғанын байқауға болады. Мұндай дерек көңіл көншітеді. Елдің денсаулық сақтау саласына сәл де болса жеңіл тиіп тұр. Бұл билік қолға алған шектеу шараларының нәтижесі дер едім.

Хабар 24 телеарнасы