419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та еден жуушы 2 мыңға жуық вакцинаны бүлдіріп алды

  • 211
  • UPD: 14:20, 22.01.2021
АҚШ-та еден жуушы 2 мыңға жуық вакцинаны бүлдіріп алды © EPA-EFE/Gary Coronado/POOL

Бостон ауруханасында (Массачусетс штаты) еден жуушының салғырттығынан американдық Moderna компаниясының 2 мыңға жуық вакцинасы бүлінді.

Ол байқаусызда вакциналар сақталатын тоңазытқышты өшіріп қойған. Бұл туралы аурухана өкілі Кайл Тотоға сілтеме жасай отырып ABC телекомпаниясы хабарлады.

Оқиға 19 қаңтарда болған. «Тоңазытқыш қауіпсіз жерде тұрған және дабыл қаққышы қосулы еді. Жалдамалы жұмысшы кабинетті жинап жүріп оны өшіріп, сол күйі қосуды ұмытып кеткен», – деген Тото.

Қазіргі уақытта осы жайтқа байланысты тергеу жүріп жатыр. Дабыл қаққыштың неліктен ойнамағаны да анықталуда.

ABC мәліметінше, Moderna компаниясының вакцинасын 2-8 градус аралығында 30 күнге дейін сақтауға болады.

Хабар 24 телеарнасы