Бағдадта болған лаңкестік шабуылды ТГИЛ ұйымы мойнына алды

Ирактың Багдад қаласында болған лаңкестік шабуылға қатысты жауапкершілікті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды.

Бұл туралы «Франс Пресс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Еске салайық, таяуда шаһардың қақ ортасында екі жанкешті өзін өзі жарып жіберген. Қанды оқиғадан 32 адам қаза болып, тағы 110 тұрғын түрлі дәрежеде жарақат алды. Қазір елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Үкімет әскері жағдайды қатаң бақылауға алған.